Сыбайлас жемқорлықпен және алаяқтықпен күресу әр мемлекеттің ең өзекті мәселесіне айналған және ол мемлекетті ішінен жойып, заман ағымымен бірге өсіп-өніп, қандай да болсын тегеуірінді қарсылыққа төтеп беріп, мол қаражат қайда болса, сол жерден тереңге тамырын жайып, тұтас бір мемлекеттің жетістіктерін жоққа шығаратын және бүгінгі күнге дейін жайылып келе жатқан індеттің бірі. Осыған орай мектебіміздің жас мамандары арасында “Сыбайлас жемқорлықсыз қоғам” және "Адал жолмен баю мүмкін бе?" тақырыбы аясында дебат ұйымдастырылды. Дебатқа 6 фракция қатысты.Олар: “Жалын”,”Қыран”,”Жас ұстаз”,”Болашақ”,”Бірлік” және “Жаңашыл жастар”. Дебат өте қызықты және тартысқа толы пікірлермен керемет деңгейде өтті. Нәтижесінде “Болашақ”фракциясы жеңіске жетіп, марапатталды.Сонымен қатар ой-пікірін жоғары деңгейде жеткізген қатысушылар “Үздік спикер”номинациясына ие болды





